Димаш Құдайберген Перуде әлемдік туры аясында жеке концерт береді

Бүгін, 11:40 / Інжу Әлихан
Dimashnews

Димаш Құдайберген қыста Перуде өнер көрсетеді. Қазақстандық әнші "DiMENSIONS" деп аталатын әлемдік гастрольдік туры аясында Лимада жеке ән-кешін береді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көрермендерге әсерлі музыка, ауқымды визуалды безендіру мен жарқын эмоцияларды үйлестіретін кең көлемді концерттік бағдарлама ұсынылады. Димаштың өнер көрсететіні туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Концерт 1 желтоқсанда Лима қаласында өтеді.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген Перу