Өскеменде Қытай азаматтары баласын жоғалтып алған

Бүгін, 09:59 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Өскемен қаласының сауда үйлерінің бірінде Қытай Халық Республикасының 12 жастағы азаматы жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен бірге қалаға турист ретінде келгені белгілі болған. Сауда үйіне келген кезде бала адасып қалып, ата-анасын өз бетінше таба алмаған.

Оқиға орнына полиция қызметкері Бекжан Акрашов дереу жетіп, іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған.

Полицейдің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 40 минут ішінде 12 жастағы Zhang Tang Bo табылды. Бала ата-анасына табысталды.

Кәмелетке толмаған баланың анасы полицейге көрсеткен жедел көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.