«Ене болу оңай емес»: Жазира Байырбекова күтпеген жазба жариялады

Бүгін, 07:22 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ене болудың оңай емес екенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі ене қандай болуы керек екенін әлі нақты айта алмайтынын жеткізді.

«Ене болу қалай екен? Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын. Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Әнші жас енелерге де кеңес берді. Оның айтуынша, келінге ене емес, «мама» болуға тырысқан жеңілірек.

«Ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана "Мама" бола салыңыздар. Жеңіл болады. Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!» – деді ол.