Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 10:39 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы жарияланды. Астана мен Алматыда  ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату құны әртүрлі қалыптасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада долларды орта есеппен 460 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 530 теңге, сату бағамы – 540 теңге. Ал Ресей рублі 5,17-5,47 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Алматыда доллардың сатып алу бағамы 463 теңге, сату бағамы 465,8 теңге шамасында. Еуро 531 теңгеден сатып алынып, 568 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 5,26-5,34 теңге аралығында.