Әнші Тоқтар Серіков ақын, сазгер, айтыскер Бекжан Әшірбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұммен арадағы естелігін бөлісті.
«Орыны толмас өкініш болып тұр. Уақыт, кеше ғана "Көршінің қызы" әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті. Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны», – деп жазды Тоқтар Серіков.
Әнші марқұмның туған-туыстарына, жарына және бала-шағасына көңіл айтты.
Бекжан Әшірбаев – ақын, айтыскер, сазгер әрі журналист. Ол «Көршінің қызы» әнінің сөзін жазған.