Алматы облысында саябақта екі қызға тиіскен ер адам ұсталды

Бүгін, 18:13 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы саябақтардың бірінде кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы (16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу) бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.

"9 тамызда күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берілетінін еске салды.