Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Жылтыр ауылында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай мерекелік концерт өтті. Бұл туралы ауылдық мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды, деп жазады turkystan.kz.
Кеш барысында ауыл өнерпаздары композитордың шығармаларын орындап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шараға Кенжебаева Зәуреш, Ерғалиева Алмагүл, Нұфыманова Меруся, Садықова Жасан және ауылдың «Ақ әжелер» ансамблі қатысты. Өнерпаздарға Қаратаев Жаңбырбай домбырамен сүйемелдеу жасап, көрермен ықыласына бөленді.
Концерттің негізгі мақсаты — Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың патриоттық сезімі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Айта кетейік, биыл қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толып отыр.