Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толуына орай елімізде музыкалық челлендж өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Челленджге өнер майталмандарымен қатар, ауыл-аймақтағы мұғалімдер де қолдау білдіруде.
Соның ішінде Түркістан облысының Отырар ауданындағы Ө. Жәнібеков атындағы №4 мектеп-интернатының бір топ мұғалімі Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін орындады.