"Жұғысты болсын": Наркенже Серікбаева қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

14 тамыз, 2026 / Жамбыл Жайлау
Malim.kz коллажы

Танымал әнші Наркенже Серікбаева жаңа көлік алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі Lexus LX 600 маркалы жол талғамайтын автокөлік тізгіндеген, деп turkystan.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің жаңа көлігін қабылдап алған сәтінен түсірілген видео желіде жарияланды. Жақындары мен оқырмандары Наркенже Серікбаеваны қуанышымен құттықтап, жылы тілектерін жолдаған.

«Құтты болсын! Су жаңа автокөлік», «Астыңызда тозсын», «Жолыңыз әрдайым ашық болсын» деген пікірлер жазылған.

Кейін Наркенже Серікбаева да құттықтау жолдаған жандарға алғысын білдірді.

«Кешелі бері менің қуанышыма ортақтасып, құттықтау айтып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Қуанышым сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаева қазақ эстрадасында ұлттық нақыштағы және лирикалық әндерімен танылған. Оның «Жүрегімде жүрсің сен», «Қазақ осы», «Әдемі ана», «Елім KZ» секілді әндері тыңдарман арасында кең тараған.

Еске сала кетейік, бұған дейін өнер иесі көпшілкке «Жүрегімдесің» атты жаңа туындысын ұсынатынын мәлім еткен еді.

Тэгтер:

Наркенже Серікбаева