«Байтақ» партиясының үміткерлері Ақтауда білім саласының қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 22:55 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

Сайлауалды үгіт-насихат аясында «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласындағы ерекше балаларға арналған №6 балабақшаға барып, кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиынға «Байтақ» партиясының облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Аллаберген Қонарбаев, саяси кеңес мүшесі Тілеп Жұмаұлы, атқарушы хатшы Қайрат Әнешов және Құрылтай депутаттығына кандидат Тайр Сағымбаев қатысты.

«Байтақ» партиясының штаб басшысы Аллаберген Қонарбаев білім беру саласының мамандарына «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, аясындағы жұмысты кеңінен түсіндірді.

Ал кандидат Тайр Сағымбаев «Байтақ» партиясының позициясы мен алдағы мақсат-міндеттерін баяндады. Оның сөзінше, елдің дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру мен қоғамдағы өзекті мәселені шешуде бірлескен жұмыс маңызды.

«Байтақ» партиясы өкілдерімен кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Балабақша қызметкерлері өздерін алаңдатқан түйткілдерді ортаға салып, ұсыныс-ескертпелерін айтты.

Мұндай кездесулер сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, олардың арыз-шағымын және партияның сайлауалды ұстанымдарын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

Тэгтер:

сайлау үміткер Құрылтай кандидат Байтақ партиясы