«Байтақ» партиясының өкілдері Өскеменде «Есіктен есікке» акциясын өткізді

Бүгін, 22:55 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

Өскеменде «Байтақ» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері қатарынан бірнеше шара өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Байтақ» партиясының белсенділері «Есіктен есікке» акциясы аясында қала халқымен кездесіп, «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын таныстырды.

Насихат қоғамдық көлікте де жүрді. Жолаушыларға үгіт материалдары таратылып, «Байтақ» партиясының мақсаттары мен бастамалары туралы ақпарат берілді.

«Байтақ» партиясының атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Алмаз Джакишев «Таза Өскемен» кәсіпорында қызметкерлерімен кездесті. Жиында қаланың экологиялық жай-күйі талқыланды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, ауа сапасын жақсарту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету.

Кәсіпорын қызметкерлері экология саласындағы өзекті түйткілдерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтты. Шара еркін пікір алмасу форматында өтті.

Тэгтер:

сайлау үміткер Құрылтай кандидат Байтақ партиясы