Степногорскте 20 адамды алдап, 45 млн теңге алған әйелге үкім шықты

Бүгін, 12:41 / Алуа Арман
istockphoto.com

2023-2024 жылдар аралығында сотталған әйел пайдакүнемдік ниетпен, азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ретте өз міндеттемелерін орындауға ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмағанына қарамастан, азаматтардан ақша қаражатын алып, оны жеке мақсаттарына жұмсаған.

Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 20 азамат жәбірленуші деп танылып, оларға жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасағаны дәлелденді.

Степногорск қаласының сотының үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Степногорск қаласының прокуратурасы азаматтарды мәмілелер жасау кезінде, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға байланысты мәселелерде, қырағы болуға, ұсынылатын қызметтердің шынайылығын, тұлғалардың өкілеттіктерін және ақша қаражатын алуға заңды негіздерінің бар-жоғын тексеруге шақырады.

Тиісті құжаттары мен заңды кепілдіктері жоқ болған жағдайда тұрғын үй мәселесін тиімді шарттармен шешуге уәде беретін тұлғаларға сенбеңіздер, себебі мұндай ұсыныстар алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

Тэгтер:

Алаяқ үкім алдау Степногорск