Ұлдана Мырзуанның өлімі: Іс сотқа жолданды

Бүгін, 12:19 / Алуа Арман
Ғаламтор

Марқұм болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, Астана қаласының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтаған. Тергеу Қылмыстық кодекстің 254-бабының 1-бөлігі – «Міндеттеріне жосықсыз қарау» бойынша жүргізілген.

6 тамыз күні қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар ІІМ істің кімге қатысты айып тағылып отырғанын жарияламады. Ведомство қылмыстық іс материалдары жария етуге жатпайтынын алға тартты.

Елорда сотының баспасөз қызметі істің материалдары сотқа келіп түскенін, алайда алдын ала сот отырысының күні әзірге белгіленбегенін хабарлады.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы құлаған болатын. Оқиға салдарынан бес адам зардап шегіп, барлығы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды.

Тэгтер:

қылмыстық іс фельдшер Ұлдана Мырзуан