2018 жылы туған қыз жеке тұрғын үй аумағында орналасқан септикке құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен бала шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қыз есін жимастан көз жұмған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
«Тексеру нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.
Тергеу мүддесіне байланысты іс бойынша өзге ақпарат жарияланбады.