Бүгін сағат 15:30 шамасында «Көкпек – Кеген» автожолының 34-шақырымында сел жүрді. Оған таулы аймақта жауған қысқа мерзімді нөсер әсер еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, су жол үстімен шамамен 15–20 минут аққан. Соның салдарынан ұзындығы 40–50 метр болатын учаскеде жол жиегінің бір бөлігі шайылды.
Қазіргі уақытта жол үстімен су ағу тоқтады, су кювет арқылы ағызылуда. Су өткізу құбырлары мен көпір құрылыстары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Шайылған жол жиегін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.