Астанада самокат тепкен жасөспірім автобустың астына түсті

Бүгін, 11:39 / Алуа Арман
Фото: Telegram/HALYQSTAN

Жол-көлік оқиғасы 13 тамыз күні Астанадағы Түркістан көшесінде болды. Үш жасөспірімнің бірі Yutong автобусының дөңгелегінің астына түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер тексеруден кейін оны амбулаториялық ем қабылдауға жіберді.

Куәгерлердің айтуынша, үш жасөспірім автобус жолағымен қозғалысқа қарсы бағытта келе жатқан. Олар аялдамаға тоқтауға бет алған автобус пен жол жиегіндегі бордюрдің арасынан өтіп кетуге әрекеттенген. Екеуі өтіп үлгергенімен, үшінші жасөспірім автобус астына түсіп қалған.

Самокат автобус дөңгелегінің астында қалып, Yutong автобусының алдыңғы әйнегі сынған. Жасөспірім аман қалды.

Полицияның мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеруден кейін жасөспірімді амбулаториялық ем қабылдауға жіберген.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Автобус Самокат