Сайлау күні басқа өңірде болатын азаматтарға: есептен шығару куәлігін қалай алуға және пайдалануға болады?

Бүгін, 13:45 / Túrkіstan IPW

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутат­тарының сайлауы өтеді. Егер сайлау күні сайлаушы өзінің тіркелген жерінде емес, басқа қалада немесе өңірде бо­латын болса, заңнама оған нақты ор­на­ласқан жері бойынша дауыс беруге мүм­кіндік береді.

Ол үшін алдын ала дауыс беру құқы­ғына ар­налған есептен шығару куәлігін алу қажет.
Есептен шығару куәлігін қайдан және қа­шан алуға болады?
Есептен шығару куәлігін сайлаушы өзі­нің тіркелген жері бойынша учаскелік сай­лау комиссиясынан алады.
Ол үшін учаскелік комиссияға барып, өті­ніш жазып, жеке басын куәландыратын құ­жатты көрсету қажет.
Құрылтай депутаттарының сайлауында есептен шығару куәліктері 2026 жылғы 7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін беріледі.
Егер азаматтың куәлікті өзі алуға мүм­кіндігі болмаса, оны белгіленген тәртіппен се­німхат бойынша өкілі алуы мүмкін.
Басқа өңірде есептен шығару куә­лігімен қа­лай дауыс беруге болады?
Мысалы, сайлаушы Астана қаласында тір­келген, бірақ 23 тамыз күні Алматыда, Шым­кентте немесе басқа өңірде болатын бол­са, ол алдын ала тіркелген жеріндегі учас­ке­лік сайлау комиссиясынан есептен шығару куәлігін алады.
Сайлау күні азамат өзінің нақты орна­лас­қан жеріндегі сайлау учаскесіне барып, мы­на құжаттарды ұсынады:
1. Жеке басын куәландыратын құжат;
2. Есептен шығару куәлігі.
Осы құжаттардың негізінде сайлаушы тиісті учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізі­ліп, дауыс бере алады. 
Сондықтан сайлау күні басқа қалада не­месе өңірде болатынын алдын ала білетін аза­маттарға есептен шығару куәлігін уақы­ты­н­да алу ұсынылады.
Басқа учаскеде дауыс беру үшін есеп­тен шы­ғару куәлігін алуға бола ма?
Есептен шығару куәлігі сайлаушының дауыс беру күні өзінің тұрақты орналас­қан же­рі­нен тыс жерде болуына байла­нысты беріледі.
Егер азамат тіркелген елді мекенінде бо­лып, сол елді мекеннің басқа учаскесінде дауыс бергісі келсе, бұл үшін есептен шығару куәлігі берілмейді.
Мысалы, сайлаушы Астана қаласында тір­келіп, сайлау күні де Астанада болатын болса, қала ішіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алмайды.
Нені ескерген жөн?
Есептен шығару куәлігі бір рет беріледі. Куә­лік жоғалған жағдайда оның телнұсқасы беріл­мейді.
Сондықтан құжатты сайлау күніне дейін сақтап, дауыс беруге барғанда оны жеке басын куәландыратын құжатпен бірге алып жүру қажет.
Мұндай тәртіптің басты мақсаты – аза­маттың сайлау күні тіркелген жерінде бол­маса да, өзінің сайлау құқығын жүзеге асы­руына мүмкіндік беру.
Құқықтық негізі: Қазақстан Респуб­ликасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 41-бабының 6-1-тармағы, сондай-ақ дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағида-лары.
Ең бастысы – куәлікті алуды кейінге қалдырмаңыз: ол 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін беріледі.
Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты учас­келік сайлау комиссияларынан және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясының ресми интернет-ресурсы­нан алуға болады.
Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады, – деп хабарлай­ды қала әкімдігінің ресми сайты. 
Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде мына тәсілдер арқылы білуге болады:
1. Ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz/ 
2. Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot 
3. iKomek бірыңғай байланыс орталы­ғының 109 нөмірі арқылы.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойын­ша сайлаушылар тізіміне енгізудің не­гізі оның сол сайлау учаскесінің аума­ғын­дағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады.

Тэгтер:

сайлау