Өскеменде студенттен 1,7 млн теңге алып кеткен күдікті анықталды

Бүгін, 10:59 / Алуа Арман
polisia.kz

Академиялық қарызын жапқысы келген өскемендік студент қыз ірі көлемде қаржылық шығынға ұшырады. Оқуға көмектесудің орнына бойжеткеннің атына бөліп төлеу мен несие рәсімделген, ал мәселені шешуге уәде берген бейтаныс адам алдап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өскемен қаласы полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бұрын бейтаныс ер адам академиялық қарызын жабуға және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді ұсынған. Сенімге кірген ол әртүрлі сылтаулармен қызды бөліп төлеу жүйесі мен несиелер рәсімдеуге көндіріп, алынған ақшаны өзінің бақылауындағы шоттарға аударуды талап еткен.

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан жәбірленушіге 1,7 млн теңгеден астам залал келтірілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қалалық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобы "Hi-Tech" жедел-профилактикалық іс-шарасы айналасында күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алаяқ студент Өскемен алдау