Әйгілі рэпер Канье Уэст Қазақстанға келді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:49 / Інжу Әлихан

Танымал америкалық рэпер Канье Уэст Алматы қаласына келді. Әлеуметтік желіде оны Алматы әуежайында қарсы алу сәтінен видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Әртіске еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыра отырып, шынайы қазақы меймандостық көрсетілді», – делінген Ztb_kz желілік басылымнығ жарияланымында.

Айта кетейік, бүгін қаладағы Орталық стадионда рэпердің концерті өтеді.