«Байтақ» партиясының өкілдері Теміртау тұрғындарымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылады

13 тамыз, 2026 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

«Байтақ» жасылдар партиясының кандидаттарыҚарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Теміртау мәдениет сарайында» сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды.

Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін талқылады.

«Байтақ» партиясының өкілдерімен кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарды кандидаттарға қойып, жауап алды.

Мұндай кездесулер «Байтақ» партиясының азаматтармен тікелей байланысын нығайтып, өңір халқының ұсынысы мен өткір түйткілдерін кеңінен талқылауға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

сайлау Құрылтай кандидат Байтақ партиясы