Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Құрылтай депутаттығына кандидаттардың Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара Макинск қаласының аудандық кітапханасында ашық диалог форматында ұйымдастырылып, аудан тұрғындарын, қоғамдық ұйымдар өкілдерін, жастарды және еңбек ұжымдарының мүшелерін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін бір алаңға жинады.
Кездесуге ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы мен Алшынбай Ару Мұратқызы қатысты. Олар ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, партияның басты басымдықтары әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың мүдделерін қорғау, өңірлерді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. Кездесуді ашқан Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығына тоқталды.
«Әрбір ауданның болашағы мемлекеттің өз азаматтарын қаншалықты тиімді тыңдай алатынына байланысты. Біздің міндетіміз – тек партия бағдарламасын таныстыру ғана емес, тұрғындардың пікірін тыңдап, олардың нақты қажеттіліктеріне негізделген шешімдер ұсыну», – деді ЖСДП кандидаты.
Өз сөзінде ол өңірлік экономиканы дамыту, ауылдық елді мекендерді қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру және халық табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Әлеуметтік мәселелер тақырыбын жалғастырған Алшынбай Ару Мұратқызы сапалы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне тоқталды.
«Әрбір азамат, оның жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, даму мүмкіндіктеріне, медициналық көмекке және әлеуметтік қолдауға тең дәрежеде қол жеткізуі тиіс. Біздің бағдарламамыз дәл осы қағидатқа негізделген», – деп атап өтті кандидат.
Оның айтуынша, балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды, жастарды, аға буын өкілдерін және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Іс-шараның екінші бөлігінде ашық сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Бұланды ауданының тұрғындары талқылауға белсенді қатысып, келесі мәселелер бойынша сұрақтар қойды:
• аудандық және ауылдық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы;
• ауыз сумен қамту және коммуналдық инфрақұрылымның сапасы;
• елді мекендерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету;
• мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі;
• жас мамандарды қолдау және жастар үшін жұмыс орындарын құру;
• бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейі;
• ауыл кәсіпкерлігі мен шағын бизнесті дамыту;
• әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу;
• жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі;
• жастардың бос уақытын ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау;
• ауылдық елді мекендердегі интернет байланысы мен цифрлық инфрақұры-лымның сапасы;
• зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау.
Тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, кандидаттар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтарды жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерісіне белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Кездесу қорытындысында ЖСДП-ның Ақмола облыстық филиалының өкіл-дері Бұланды ауданы тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы мен мазмұнды әңгімесі үшін алғыс білдірді.
«Осындай кездесулер ғана халықтың нақты сұраныстарын түсінуге және аза-маттардың игілігі үшін жұмыс істейтін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік бе-реді. Біз үшін әрбір пікір маңызды және тұрғындардың ұсыныстары алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеріледі», – деп атап өтті ЖСДП кандидаттары.
Іс-шара соңында партия өкілдері барлық айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер жүйелендіріліп, ЖСДП-ның алдағы жұмысында ескерілетінін хабарлады. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қатысушылармен естелік суретке түсу және бейре-сми әңгімелесу өтті.