Степногорскте мұғалімдер бірнеше ай бойы жалақы ала алмаған

Бүгін, 14:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Степногорск қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, қалалық білім бөлімінің Еңбек кодексінің талаптарын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, педагог қызметкерлерді оқыту аяқталғаннан кейін заңнамада көзделген іссапар шығындары бірнеше ай бойы өтелмей, 11 педагогке жалпы сомасы 1,8 млн теңгеден астам төленбеген. 

Бұл мән-жайлар педагог қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына әкеп соқты. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстайды.

Тэгтер:

педагог жалақы мұғалім білім бөлімі еңбекақы Степногорск айлық