Бурабайдағы тауда өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 14:20 / Інжу Әлихан
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

13 тамызда сағат 07:30-да «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бурабай орманшылығы аумағында өрт шықты. Өрт Көкшетау тауында, 10-орамның 8-телімінде, 300 метрден астам биіктікте тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орманмен көмкерілген аумақтағы өрттің көлемі 0,002 гектар болды. Оқиға орнына ұлттық парктің күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары сағат 08:05-те басталды. «Бурабай» МҰТП қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында сағат 08:10-да өрт ошағы оқшауланды. Өрттің орман алқабына таралуына жол берілген жоқ.

Өртті сөндіруге «Бурабай» МҰТП-нің 10 қызметкері, екі техника – өрт сөндіру автокөлігі мен шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

«Бурабай» МҰТП өрт қаупі жоғары кезеңде тіпті шағын өрт ошағының өзі орман алқабына елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады. Ұлттық парк тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және өрт белгілерін байқаған жағдайда парк қызметкерлеріне немесе 112 нөміріне дереу хабарлауға шақырады.

Тэгтер:

Бурабай