Теледебат сауалнамасы: «Әділет» партиясы 59,5% дауыспен көш бастады

12 тамыз, 2026 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Қазақстан қоғамдық даму институты «Jibek Joly» телеарнасы ұйымдастырып жатқан командалық теледебаттың екінші кезеңінен кейін сауалнаманың аралық қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көрермендер эфир барысында экранның төменгі бөлігінде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы өздеріне ұнаған партия өкілдерінің ұстанымы мен жауаптарына дауыс берген.

Көрермендер дауыс беруінің аралық нәтижесі бойынша бірінші орында — «Әділет» партиясы. Сауалнамаға қатысушылардың 59,5%-ы осы партия өкілдерінің ұстанымын қолдаған.

Екінші орында «Ауыл» партиясы – 14,4%, үшінші орында Respublica – 12,1%.

Одан кейінгі орындарда Қазақстан Халық партиясы — 4,2%, ОСДП — 3,7%, «Ақ жол» — 3,4% және «Байтақ» — 2,1% тұр.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 0,6%-ы «Ешқайсысы ұнамады» деген жауапты таңдаған.