Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Ақтөбе облыстық филиалы партияның Жастар қанатымен бірлесіп, ауқымды көше үгіт-насихат акциясын өткізді. Шараның басты оқиғасы – серпінді би флешмобы болды. Ол позитивті атмосфера қалыптастырып, жүздеген қала тұрғындарының назарын аудартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сайлауалды науқан аясында ЖСДП халықпен байланыс орнатудың әртүрлі форматтарына басымдық беріп отыр. Белсенділер, үгітшілер және Жастар қанатының мүшелері жарқын мәлімдемелерден кейін жұмысты бірден «ашық микрофон» және тікелей жүздесу форматында жалғастырды.
Қала тұрғындарымен кездесу барысында ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» сайлауалды бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бастамалармен танысуды барынша қолайлы ету үшін Ақтөбе тұрғындарына ЖСДП бағдарламасының негізгі тезистері мен арнайы QR-коды бар ақпараттық буклеттер таратылды. QR-кодты сканерлеу арқылы кез келген азамат құжатпен тікелей өз смартфонынан толық таныса алады.
«Біз үшін тек саясат төңірегінде құрғақ сөз айту емес, халыққа, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жақын болудың заманауи, түсінікті де жанды жолдарын табу өте маңызды. Сол себепті біз жұмыстың әртүрлі форматтарын: дәстүрлі ашық кездесулер мен диалогтардан бастап, осындай креативті жастар бастамаларына дейін қолдануды жалғастырамыз. Бүгін ақтөбеліктердің флешмобты зор қызығушылықпен тамашалап, ақпараттық материалдарды ықыласпен алғанын және бағдарламамыз төңірегінде сұрақтар қойғанын көрдік. Бұл ЖСДП-ның дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», – деді ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат Аружан Әленова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үгіт-насихат акциясы жылы әрі позитивті атмосферада өтті. Қала тұрғындары ЖСДП-ның саяси ұсыныстарына жоғары қызығушылық танытып, белсенділермен пікірталасқа белсенді араласты.
ЖСДП ашықтық, шығармашылық және тікелей диалог арқылы азаматтарды елдің саяси өміріне тарта отырып, үгіт-насихаттың дәстүрлі емес тәсілдерін одан әрі дамытуды көздейді.