Доллар бағасы қайтадан 465 теңгеге түсті

Бүгін, 16:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Биржадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 465,19 теңге болып, 0,63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 12 тамызға белгілеген ресми бағамы 465,74 теңгені құрады.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 462,99 теңгеден сатып алып, 469,99 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 535,89 теңгеге сатып алуға, ал 545,89 теңгеге сатуға болады. Ресей рублін 5,33 теңгеден сатып алып, 5,63 теңгеден сатып жатыр.

Алматыда АҚШ валютасын орташа есеппен 465,16 теңгеден сатып алып, 467,01 теңгеден сатып жатыр. Еуро 535,04–539,87 теңге аралығында саудалануда. Ал рубльдің бағамы 5,38–5,51 теңге аралығында.

Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 465,86 теңгеден сатып алып, 467,89 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 537,00–540,50 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Ал рубль бағамы 5,36–5,43 теңге шамасында.

11 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 465,74 теңгені құрап, 0,38 теңгеге төмендеген еді.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор бағам