«Байтақ» партиясының үміткері ерекше форматта қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін, 22:45 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алмаз Джакишев Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жолы «Байтақ» партиясы үміткерінің қоғамдық қабылдауы жаңа форматта ұйымдастырылды.

«Байтақ» партиясының кандидатымен кездесу қаладағы сауда үйлерінің бірінің алдындағы ашық алаңда өтіп, оған 150-ге жуық адам қатысты.

«Байтақ» партиясының өкілімен кездесуде жұрт түрлі мәселе көтерді. Олардың дені экология мен әлеуметтік түйткілдер: ауыз су сапасы, елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаның жай-күйі.

«Байтақ» партиясының кандидаты кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын да таныстырды.

Бұдан кейін «Байтақ» партиясының мүшесі Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кенті мен Айыртау ауылына барып, жергілікті халықпен жүздесті. Мұнда да экология, сумен қамту, көгалдандыру және елді мекендердің жағдайына қатысты түйткілдер көтерілді.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған «Байтақ» партиясының өкілі айтылған мәселелер партияның алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.

 

Тэгтер:

сайлау Құрылтай кандидат Байтақ партиясы