Президент мемлекет қайраткері Александр Судьинге екінші дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

Бүгін, 15:15 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент Ақордада бір топ қоғам қайраткерін марапаттау рәсімінде мемлекетіміздің дамуына Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап белсене атсалысып келе жатқан Александр Судьинге алғыс айтып, екінші дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жылдары зор құрметке ие болдыңыз. Парламент Сенатының депутаты ретінде халық мүддесін қорғадыңыз. Вице-спикер және Сенат аппаратының басшысы ретінде қазақстандық парламентаризмнің дамуына қосқан үлесіңізді айрықша атап өткім келеді. Сіздің кәсіби еңбегіңіз жоғары бағаланып, Отанға адал қызмет етудің үлгісіне айналды, – деді Мемлекет басшысы.