Мемлекет басшысы жазушы Тұрсын Жұртбайға бірінші дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

Бүгін, 15:15 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Мемлекет басшысы саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқан көрнекті ғалым, қарымды қаламгер Тұрсын Жұртбай төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

– Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Тэгтер:

Награда марапат Тұрсын Жұртбай Барыс ордені