«Сіздер жақсы танисыздар»: Наркенже Серікбаева қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Бүгін, 11:46 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева тыңдармандарына жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі көпшілкке «Жүрегімдесің» атты жаңа туындысын ұсынатынын мәлім етті. Сондай-ақ ол әннің авторларына алғысын білдіріп, жаңа бейнебаянның жарыққа шығуына атсалысқан шығармашылық топқа ризашылығын жеткізді.

«Қандай жаңалығым болса да, бірінші сіздермен бөліскім келеді. Менің сырласым да, мұңдасым да – сіздерсіздер! Өнердегі әр қадамыма тілекші болып, іздеп, шынайы жанкүйер болып отыратын жанашыр жақсыларыма, жүрекпен сүйетін, талғамы биік тыңдармандарыма «Жүрегімдесің» атты жаңа туындыны ұсынамын.

Бұл әннің авторларын сіздер жақсы білесіздер, танисыздар. Әнін жазған – Сырдың сыршыл сазгер сұлуы, менің танылуыма себепкер болған, «паспортым» болған «Жүрегімде жүрсің сен» әнінің авторы – Индира Елубаева әпкем. Сөзін жазған – ақын Құралай Омар қыздарыңыз.

Осындай сұлу әнді маған сыйлағандарыңызға рақмет! Шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Осы бейнебаянның жарыққа шығуына атсалысқан барша командаға, қыз-жігіттерге алғысымды білдіремін!

Патша көңілді көрермендерім, сіздер менің жүрегімдесіздер», – деді ол.