Ақсуда мал жаю ережелерін бұзған 200-ден астам мал иесі жауапқа тартылды

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақсу өңірінде мал жаю ережелерін бұзған 200-ден астам мал иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды тиісті түрде ұстау және жаю, сондай-ақ олардың автожолға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертуде.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Жануарлардың автомобиль жолдарында бақылаусыз жүруі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Полиция мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмауға, оларды арнайы белгіленген орындарда ұстауға және малдың жолға шығып кетуіне жол бермеу үшін уақытылы шаралар қабылдауға шақырады.

Тэгтер:

Ақсу мал