Ауыр атлет Төрехан Асанхан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Бүгін, 10:47 / Інжу Әлихан
AWF

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.

Тэгтер:

Төрехан Асанхан