Қарағанды облысында тауда адасып қалған ерлі-зайыпты табылды

Бүгін, 08:37 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қарағанды облысында таулы аймақта адасып кеткен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында таулы аймақта жоғалған ерлі-зайыптыларды іздеу жұмыстары жүргізілді.

Белгілі болғандай, олар күндіз саңырауқұлақ теру үшін Комиссаровка шатқалынан Үштау тауына қарай барған. Алайда кейін ерлі-зайыптылармен байланыс үзілген. Олардың жоғалғаны туралы құтқарушыларға немерелері хабарлаған.

ТЖМ-нің іздестіру тобы ерлі-зайыптыларды Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым қашықтықтағы Қаратока кордоны маңынан тапты.

Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған. Мамандар оларды қауіпсіз жерге жеткізді.