"Қайрат" қос ойында жеңіліс тауып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Бүгін, 22:04 / Жамбыл Жайлау
gong.bg

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиден» тағы да жеңіліп, турнирдегі жорығын аяқтады. Енді Қазақстан чемпионы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі бүгін, 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Матч 0:1 есебімен «Левскидің» пайдасына аяқталды. Бірінші ойында да болгариялық клуб дәл осындай есеппен жеңіске жеткен болатын. Осылайша екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайрат» 0:2 есебімен жол берді.

Кездесудегі жалғыз гол 13-минутта соғылды. «Левски» футболшысы Рейналдо айып алаңының сыртынан соққы жасап, қазақстандық клубтың қақпасын дәл көздеді.

Алматылық клуб еурокубоктағы жорығын Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастырады. «Қайраттың» қарсыласы Грекияның ПАОК және Бельгияның «Андерлехт» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазы болады. Алғашқы кездесуде «Андерлехт» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Егер «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмаса, клуб еурокубок маусымын Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.

Тэгтер:

Футбол Қайрат