Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

11 тамыз, 2026 / Жамбыл Жайлау
olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Төрехан Асанхан Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 269 келіні еңсерді. Төрехан жұлқа көтеруде 119 келіні, серпе көтеруде 150 келіні бағындырды.

Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға екінші орын алуға мүмкіндік берді.

Алтын жүлдені Таиланд өкілі Витчая Пратхумта жеңіп алды. Ол қоссайыста 273 келі (119+154) көтерді.

Үздік үштікті Иран спортшысы Реза Замани түйіндеді. Оның нәтижесі – 268 келі (122+146).

Тэгтер:

Азия чемпионаты ауыр атлетика Төрехан Асанхан