"Протезі түсіп қалған": Ене мен келіннің ойыны елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Бүгін, 20:04 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұратын Раушан Кәрібаеваның енесімен бірге түсірген видеосы әлеуметтік желіде 33 миллионға жуық қаралым жинады, деп хабарлайды turkystan.kz.

35 жастағы Раушан Instagram желісінде күнделікті өмірінен түрлі видеолар жариялап, блог жүргізеді. Оның түсірілімдеріне күйеуі, екі баласы және енесі де жиі қатысады.

Бұл жолы келін мен ене қарапайым ойын ойнаған. Шарт бойынша екеуі майшамды кім бірінші сөндіретінін анықтауы керек болған. Алайда жарыс кезінде күтпеген жағдай болып, енесінің тіс протезі аузынан шығып кеткен.

Осы сәт видеоға түсіп қалып, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.

Раушанның айтуынша, ол ролик шамамен бір миллион қаралым жинайды деп ойлаған. Алайда видеоның танымалдығы күткеннен әлдеқайда асып, 33 миллионға жуық адам тамашалаған.

Желі қолданушылары видеодағы ене мен келіннің еркін қарым-қатынасына ерекше назар аударған. Көпшілік олардың әзіл-қалжыңын, бір-біріне деген сыйластығын жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырған.

Тэгтер:

видео ене келін ойын