Павлодар тұрғыны телефондарды печенье қаптамасына жасырып түрмеге өткізбек болған

Бүгін, 17:29 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №45 мекемесінде республикалық “Қалқан” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті тұрғын сотталғандардың біріне әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, печенье қаптамасына назар аударды. Қораптың ішінен жасырын тәсілмен үш телефон табылды.

Полиция ескертеді: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне байланыс құралдарын, есірткі заттарын және өзге де тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.