Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облысында «Шахтинсктеплоэнерго» ұжымының ұсыныстарын тыңдады

11 тамыз, 2026 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Қарағанды облысындағы «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Қазақстан Халық партиясы бағдарламасында еңбек адамының әлеуметтік жағдайын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше мән берілген.

«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС – Шахтинск қаласын жылумен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі. Осыған байланысты кездесуде жылу энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері сала қызметкерлерінің еңбегі қаланың тұрақты тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар жылу энергетикасы мамандары үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Халық партиясының өкілдеріне жылу энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және сала мамандарының еңбегін лайықты бағалау жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Кездесуде қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мәселелері де сөз болды.

Қазақстан Халық партиясы өкілдері еңбек ұжымының ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелерді алдағы жұмыс барысында ескерудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының бағдарламалық бағыттары бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы