Екібастұзда «Сұңқар» профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулаудың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рейд барысында полиция инспекторы Бекболат Нәжімов тиісті рұқсат құжаттарынсыз балық аулаған азаматтарды анықтады. Нәтижесінде балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзған бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарға су айдындарында балық аулау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтап, қажетті рұқсат құжаттарын өзімен бірге алып жүру қажеттігін еске салады.
Табиғи ресурстарды қорғау – ортақ міндет. Балық аулау қағидаларын сақтау су биоресурстарын сақтап, олардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.