Jibek Joly арнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Бүгін, 16:07 / Алуа Арман

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі:

«Әділет» партиясы – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;

ЖСДП – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;

«Байтақ» партиясы – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;

Қазақстан Халық партиясы – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;

«Ауыл» партиясы – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;

«Ақ жол» партиясы – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;

Respublica партиясы – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі

Көрермен назарына:

• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;

• тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;

• дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;

• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.

Тэгтер:

сайлау Партия Құрылтай кандидат теледебат Жібек жолы арнасы