Павлодар тұрғыны Ертіс өзеніне батып кетті

Бүгін, 15:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодарда ер адам орталық жағалау маңында суға түсіп, батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы хабар Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 05:37-де түскен. Құтқарушылар жедел түрде су айдынын тексеруге кіріскен.

Іздеу жұмыстарына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот жұмылдырылды. Мамандар оқиға болған аумақта өзенді тексеріп жатыр.

«Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар Ертіс өзенінің су айдынын тексеруді жалғастыруда.

Тэгтер:

Павлодар өзен Ертіс суға батты