Павлодарда онлайн несиеге қатысты алаяқтардың схемасы әшкереленді

Бүгін, 14:24 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Павлодарда онлайн несие рәсімдеуге қатысты алаяқтық схема әшкереленді. Алаяқтар азаматтарға рәсімделген несие сомасының 10 пайызы көлемінде бонус төлеуге және қарызды мерзімінен бұрын толық өтеп беруге уәде берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солардың сөзіне сенген Павлодар қаласының тұрғыны алаяқтардың барлық нұсқауын орындап, онлайн несие рәсімдеген. Алайда уәде етілген төлемді ала алмаған. Нәтижесінде несие бойынша міндеттемелер әйелдің өзіне қалған.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында дәл осындай тәсілмен тағы тоғыз азаматтың алданғаны анықталды.

Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның барысында қылмыстың барлық мән-жайы, сондай-ақ өзге де тұлғалардың аталған іске қатыстылығы анықталуда.

Жыл басынан бері Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың мыңнан астам фактісі тіркелген. Келтірілген материалдық шығын көлемі бірнеше мыңнан ондаған миллион теңгеге дейін жетеді.

Полиция азаматтарға интернеттегі қаржылық операциялар кезінде барынша сақ болуды ескертеді.

Полиция ескертеді:

Полиция қарапайым цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау азаматтардың қаржысын қорғауға және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектесетінін еске салады.