Астанада 5 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталды

Бүгін, 14:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елорда тұрғыны бұрынғы жұбайын алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызбен «Сарыарқа» ауданының прокуратурасына жүгінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кету керек, борышкер 2025 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған. 

Алимент бойынша берешек сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады. 

Сот үкімімен кінәліге пробациялық бақылау белгіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Прокуратура балалар – біздің болашағымыз екенін еске салады. Алимент төлеуден жалтару олардың құқықтарын бұзады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Тэгтер:

алимент қарыз борышкер