Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Бүгін, 12:45 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Астана – Петропавл тасжолының 97-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат 10 тамыз күні кешкі уақытта автожолдың 97-шақырымында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан.

«10 тамызда Астана – Петропавл автожолының 97-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Осы көліктің тағы жеті жолаушысы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Жол апаты Петропавл автожол тасжол апат