«Заң мен тәртіп»: Павлодарда көлікті дұрыс қоймаған 2 мыңнан астам жүргізуші анықталды

Бүгін, 12:29 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысында көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталуда. Жыл басынан бері полицейлер осындай 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлікті белгіленбеген жерге қою жол қозғалысының басқа қатысушыларына, соның ішінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып, қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.

Мәселен, Павлодар қаласындағы Бекхожин көшесінде полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser автокөлігінің белгіленбеген жерде тұрғанын анықтады. Көлік иесі анықталып, оған көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтау және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Полиция азаматтарды көлікті тек белгіленген орындарға қоюға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда "102" арнасына хабарласуға немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы ақпарат беруге болады.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

Тэгтер:

Павлодар көлік жүргізуші жол ережесі Заң мен Тәртіп