ШҚО-ның шалғай ауылында сайлауға дайындық жұмыстары аяқталды

Бүгін, 11:04 / Дана Ізтілеуова

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Барақ батыр ауылындағы №743 сайлау учаскесінде маңызды саяси науқанға дайындық жұмыстары толық жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған сайлау учаскесінде жалпы 353 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 27-сі – қарт сайлаушылар, 3-еуі – алғаш рет дауыс беретін азаматтар, 4-еуі – студенттер. Шалғай және қатынауы қиын аумақта тұратын 5 сайлаушы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 2 азамат бар. Олардың біреуі үйде дауыс береді. Жалпы үйден дауыс беруге ниет білдірген сайлаушылар саны – 27.

 «Ауылдағы сайлауға қатысатын ең көнекөз қария, 90 жастағы тыл ардагері – Музаметкалиев Совет ата. Ол кісіге арнайы көлікпен барып, бюлллетенді жеткіземіз. Бүгінде қарияның денсаулығы , көңіл-күйі жақсы. Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға ниетті», – дейді №743 сайлау учаскесінің хатшысы К.Сағындықова.

Ауылдағы сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық азаматқа қажетті жағдай жасалған. Құрылтайды ұйымдастыру және өткізуге арналған кабинет дайындалып, қажетті ақпараттық материалдар көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылған. Жұмыс тәртібі пысықталып, қажетті құжаттар әзірленген. Сайлау учаскесінің паспорты толық рәсімделген.

«Бақылаушы, байқаушылардың орны да белгіленген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын толық жабдықталған. Өзге ұлт өкілдері, қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер, шалғайдағы және қатынасуы  қиын аудандағы сайлаушылар тізімі қарастырылған. Сайлауға қатысу мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінген. Жайлаудағы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдай жасау үшін комиссия мүшелері тиісті орындарға барып, бюллетеньдерді жеткізіп, азаматтардың өз таңдауларын жасауына мүмкіндік береді. Ауылымыздағы сайлаушыларға  комиссия мүшелері  Құрылтайға қатысу тәртібі, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат береді. Кабинет ішінде ұялы телефонды қолданбау туралы ақпарат ілінген.

Барақ батыр ауылының тұрғындары – ауызбіршілігі бекем, ұйымшыл әрі еңбекқор жандар. Ауыл халқы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға да жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға дайын», – дейді №743 сайлау учаскесінің хатшысы К.Сағындықова.

Тэгтер:

Күршім ауданы сайлау учаскесі Құрылтай сайлауы Барақ батыр ауылы