Геннадий Головкин ISSA вице-президенті лауазымына ресми үміткер болды

Бүгін, 11:09 / Алуа Арман

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

«Головкиннің кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды. Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады», - делінген комитеттің хабарламасында.

Тэгтер:

Геннадий Головкин