«Айгүлмен туған абысындай араластық»: Қарақат Әбілдина Медеу Арынбаевтың марқұм жұбайын еске алды

Бүгін, 10:24 / Алуа Арман

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әйгілі АБК тобы туралы сөз қозғады. Желіге жазған постында ол топтың отыз жыл бұрынғы тарихын айтып, топ мүшесі болған Медеу Арынбаевтың марқұм жұбайы туралы да айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін дастарқан басында отырып, сол күндерді бір-бірлеп еске алдық. Бірге жүрген достарымызды айттық. Бір күлдік, бір күрсіндік… Медеудің келіншегі Айгүл марқұмды еске алдық. Айгүлмен туған абысындардай жақын араластық. Жаны сондай жақсы адам еді… Өкінішке қарай, ғұмыры қысқа болды. Иманы жолдас, жаны жәннатта болсын! Көрмеген жақсылығын артында қалған ұл мен қызына көру бұйырсын!», - деп жазған.

Тэгтер:

Медеу Арынбаев Қарақат Әбілдина АБК