15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында 5 алтын алды

Бүгін, 21:13 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/wf_rk

Қазақстандық жас ауыр атлет Снежана Қашқарова Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында тамаша нәтиже көрсетіп, бірден бес алтын медаль иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, 15 жастағы спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен.

Жарыс барысында Снежана Қашқарова үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты. Ол жұлқа көтеруде 88 келіні, серпе көтеруде 112 келіні бағындырды. Ал қос сайыстың қорытындысында 200 келі нәтиже көрсетті.

Бұл көрсеткіштер турнирдегі ең үздік нәтижелердің бірі болды.

"Снежана 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 5 алтын медаль иеленді. Ол 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия құрлығының абсолютті чемпионы атанды", – делінген федерация хабарламасында.

Тэгтер:

Снежана Қашқарова