Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байланысты көңіл айтты

Бүгін, 20:38 / Жамбыл Жайлау
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы спортшының қайғысына ортақтасып, марқұмның елге сыйлы, өнегелі ғұмыр кешкен азамат болғанын атап өтті.

«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген Президент жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов пен оның отбасына қайғырып көңіл айтып, марқұмның рухына тағзым білдірді.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов